Спорт

Жерлесіміздің жеңісті жолы жалғасуда

Словакияның Сенец қаласында үстел теннисінен өткен халықаралық турнирден қарағандылық Алан Құрманғалиев жүлделі ІІІ орын иеленді. 16 жастағы жерлесіміз WTT Youth Contender Senec 2023 турнирінде 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында бақ сынаған еді.

Сурет: Облыстық спорт басқармасынан

Айта кетейік, 16 жастағы спортшы жуырда Венгрияда өткен WTA Youth Contender Szombathely 2023 турнирінде күміс және қола медаль иеленген болатын. Сол турнирде Алан 19 жасқа дейінгі топта сынға түсіп, ІІІ орын алған. 17 жасқа дейінгі санатта да өнер көрсетіп, күміс жүлде иеленді.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button