Жерді мақсатты пайдалану – маңызды
Облыстың аумағы 42 миллион 798 мың гектарды құрайды. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер -14,2 миллион гектар (33,4 %), оның ішінде ауыл шаруашылығы алқаптары – 13,8 миллион гектар, егістік – 1,1 миллион гектар. Сонымен қатар, 7 миллион 154 мың гектар Ресейге жалға беріліп отыр. Бұл туралы Қарағанды облысы жер қатынастары басқармасының басшысы Аян ШАЛМАҒАНБЕТОВ облыстағы жер ревизиясын өткізу қорытындысы бойынша аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.
– Бүгінгі күнде индустриализациялау мен экономикалық өсудің үшінші институционалдық реформасында Елбасы «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары бес институционалдық реформалары аясында жұмыстар жүзеге асуда. Жер учаскесінің мақсатты пайдалануын ауыстыру процедурасын жеңілдету. Ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалануға жүйелі мониторинг жүргізу. Пайдаланылмай отырған алқаптарды одан әрі жекешелендіру үшін мемлекеттік қорға беру» қажеттілігі айқын көрсетілген. 35-қадамды орындау мақсатында Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы № 389-V ҚРЗ Заңымен Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер енгізілді.
Ағымдағы жылдың соңына дейін аудандар мен қалалардың әкімдіктері елді мекендердің жерлеріне тиіс өткізу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілді. Ревизия 9 облыстық маңызы бар қалаларды, 2 аудандық маңызы бар қаланы, 37 кентті және 384 ауылдық елді мекенді қамтыды. Елді мекендердің жерлері бойынша, камеральдық жұмыстар 2018 жылы шілдесінде аяқталады,– деді облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Аян Шалмағанбетов.
Сондай-ақ, баспасөз мәслихатына арнайы қатысқан Бұқар жырау ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы Ерлан Мәдениетов, Абай ауданының жер қатынастары сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысы Равиля Сатыбаева Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жерді тиімді пайдалану мәселесіне ерекше көңіл бөлгендігін сөз етіп, атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Ауыл шаруашылығы мақсатында бөлінген жер учаскелерін жер пайдаланушылардың кейбірі мақсатқа сай пайдаланбай отырғандығы және оларға шара қолданылғандығы айтылды.
Нұрдос КӘРІМ