Білім

Жемқорлардан алынған қаражатқа 72 мектеп салынады

Үкімет сыбайлас жемқорлардан сот арқылы алынып, мемлекетке өткен қаражатты мектеп құрылысына беру тетігін бекітті. Қаулыға  премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойды, деп хабарлады Ortalyq.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 121,7 млрд. теңге түскен.  Сонымен қатар, республикалық бюджет комиссиясы 106,7 млрд. теңгені құрайтын 72 жобаны қолдады. Атап айтқанда, 94,1 млрд. теңге – 85 мың орындық 69 мектептің құрылысын аяқтауға және тағы 12,6 млрд. теңге 3 жаңа нысанның, оның ішінде 1400 орынға арналған екі ауысымды 2 мектеп және 200 орындық мектеп-интернат құрылысын аяқтауға бағытталады.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button