АймақҚарқаралы

Желілерде жүктеме азайды

Қарқаралы қаласында электрмен жабдықтау жүйесін жақсартуға бағытталған жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасып жатыр. Жуырда қаладағы екі көшеде қуаты 250 кВА болатын жаңа трансформаторлық қосалқы станциялар орнатылып, 20 сәуірде пайдалануға берілді.

Қала әкімі Аслан Рахымбергеновтің айтуынша, бұл жобалар электр желілеріндегі жүктемені азайтып, тұрғындарды тұрақты жарықпен қамтуға мүмкіндік береді.

– Электрмен жабдықтау жүйесін жақсарту мақсатында қуаты 250 кВА болатын екі КТП орнатылды. Бұл 120-160 абонентті электрмен тұрақты қамтамасыз етуге және желілердегі жүктемені азайтуға ықпал етті. Бұған дейін Мәди көшесінде кернеудің тұрақсыздығы байқалған, ал, жаңа қосалқы станциялар бұл мәселені шешуге көмектесті, – деді қала әкімі.

Қала басшысының сөзінше, инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары мұнымен шектелмейді. Биыл 10 кВ желілеріндегі апатты жағдайдағы 72 тіректі ауыстыру, 0,4 кВ желілеріндегі 7100 метр сымды СИП-кабельге алмастыра отырып жаңарту, қосымша 520 метр желіні қайта жаңғырту және 106 т іректі ауыстыру жоспарланған. Сонымен қатар, бірқатар трансформаторлық қосалқы станция­ларға күрделі жөндеу жүргізу көзделіп отыр.

Жалпы, қолға алынған бұл жұмыстар Қарқаралыдағы электр жүйесінің сенімділігін арттырып, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған.

Өз тілшімізден

Қарқаралы ауданы

Басқа материалдар

Back to top button