Спорт

Желаяқтар жарысы өтті

Қарағандыда жеңіл атлетикадан 59-шы облыстық біріншілік өтті. Оған 2009-2010 жылдары туған 87 жасөспірім мен 115 қыз қатысып, бақ сынасты.

Сурет: дене шынықтыру және спорт басқармасынан

Барлығы 66 медаль сарапқа салынды. Қыздар арасында 50 метрде және 300 метрде Юлия Демкина, 600 метр қа­шық­тықта Виктория Чичерина,1000 метр һәм 2000 метрде Аида Ақылбекова же­ңіске жетті.

Ал, жасөспірімдер арасында 600 және 1000 метр қашықтыққа жүгіруден Дмитрий Спасский үздік шықты. Ұзындыққа секіруден Андрей Ким оза шапса, алысқа шар лақтырудан Марк Борченко қарсылас шақ келтірмеді. 50 метрге кедергілер арқылы жүгіру сайысында Афина Чолакиди топ жарды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубок және ақшалай сыйлық иеленді.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button