Жазасын өтеушілер қазақ тілін үйренеді

Сотталғандар мемлекеттік тілді оқыту курстарынан өтті. Бұл – олардың жазасын өтеу мерзімі аяқталғаннан кейінгі өмірге дайындық болмақ. Оны Қарағанды жəне Ұлытау облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі №36 мекемесінің əкімшілігі ұйымдастырды. Ал, қазақ тілін үйренуге арналған 3 айлық курсты Шахтинск қаласындағы «Бастау» оқу-əдістемелік орталығы өткізді.

Курс барысында қауіпсіздігі барынша төмен мекемесіндегі сотталғандар грамматика негіздерімен танысып, сөздік қорын толықтырды жəне əңгімелесу дағдыларын жетілдірді. Емтихан тапсырғаннан кейін сотталғандарға курстарды бітіргені туралы сертификаттар табысталды. Жыл басынан төрт сотталған курстан өтті, ал үш адам əлі де оқуда.

– Жазасын өтеушілерді босатуға дайындау олардың еркіндікте «жаңа өмір» бастауы жəне болашақта қылмысты қайталамауы қажет. Мемлекеттік тілді оқыту олардың тілге деген құрметін арттыруға ғана емес, одан бөлек, бостандықта жұмыс табуына да ықпал етеді. Тіпті, оқшауланғаннан кейін қоғамдағы өмірге бейімделуге көмектеседі, – дейді №36 мекеменің сотталғандар арасындағы тəрбие жұмысы бөлімінің бастығы, əділет майоры Гүлбақыт Дауылбаева.

Салтанат ІЛИЯШ,

Ortalyq.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.