Бас тақырыпЖаңалықтар

Жазғы лагерь – жазира пейіл ордасы

Жадырап жаз келгенде оқушылардың басым көпшілігі лагерьлерде демалуды қалайды. «Жаз жайнатып, күн күлдіріп біз лагерьге барамыз» деп балалық шақтың көңілді сәттерін қуаныш пен шаттыққа ұласқан естеліктерге толтырады. Ата-аналар да балаларының бос уақытын тиімді өткізуі маңызды екенін алға тартады. Биыл облыста балалар мен жасөспірімдерді сауықтыру жұмыста- рын ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 360 млн. теңге бөлінді.

Облыстың білім басқармасының мәліметінше, жазғы лагерь барысында балаларға медициналық қызмет көрсетуге, олардың сауықтырылуына барынша көңіл бөлінген.

Жасөспірімдердің денсаулығын қадағалау мақсатында демалыс базаларының әрқайсына арнайы тексеріс те жүргізілген. Бос уақытын тиімді өткізу үшін облыстағы барлық жазғы лагерьлерде дебаттық және аула клубта- рында үйірмелер, спорттық секциялар ұйымдастырылған. Оған қоса, оқушылар демалыс кезінде ауланы көркейту, көгалдандыру жұмыстарына жұмылдырылады. Тарихи орындарға саяхат жасайды.

Облыстың білім басқармасына қарасты тұлғаның адамгершілік рухани дамуы, арнайы және қосымша білім беру бөлімінің бас маманы Шолпан Сыздықованың айтуынша, биыл облыс бойынша 184 мыңнан астам 1-11 сынып оқушыларын жазғы лагерьдегі демалыспен қамту жоспарланған. Осы мақсатта қала сыртындағы және мектеп жанындағы 804 лагерьде тәрбиеленушілердің демалысын ұйымдастыру көзделген. Оның ішінде, қала сыртындағы 12 ла- герьде (7 мемлекеттік, 5 жекеменшік) 10 мыңнан астам жасөспірім қамтылмақ.

Сондай-ақ, қазіргі таңда 105 183 оқушы өңірлердегі 348 мектеп жанындағы лагерьлерде жазғы демалысын өткізуде. 49 523 адамды қамтитын 339 бейінді алаңдар жұмыс істеп тұр.

Шатырлы үйлерге ұқсас етіп орналастырылған лагерьдің жалпы саны – 105.

Олар үш маусымда 10 мыңнан астам адамды қамтиды.

Білім саласы мамандарының айтуынша, жасөспірімдерге арналған сауықтыру жұмыстары ата-аналардың қатысуымен немесе тәуелсіз қалпына келтірудің басқа түрлері арқылы жүзеге аспақ. Оған қоса, ұйымдастырылатын іс-шаралар барысында ата-аналарға балаларымен бірге бос уа- қытын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасалған. Осы мақсатта аймақта 8874 жасөспірімді сауықтыру жұмыстары жүргізілуде.

Айта кеткен жөн, өңірдегі барлық балалар үйінің тәрбиеленушілері де жыл сайын 100 пайыз демалыспен қамтылады. Барлық білім беру және спорт ұйымдарында жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар шаралар қабылданған. Әсіресе, суға түсу кезіндегі балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылған. Мектеп жанындағы лагерьлер мен алаңдарда жазатайым жағдайларды болдырмау, төтенше жағдайлардың алдын алу мақ- сатында балалармен профилактикалық сабақтар өтіп тұрады.

Биыл, сондай-ақ, көпбалалы отбасылардан шыққан 12 мыңнан астам бала демалысын жазғы лагерьлерде өткізеді.

Мәселен, Қарағанды қаласындағы №62 мектеп жанында ашылған «Балауса» лагерінде аз қамтамасыз етілген, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және көпбалалы отбасынан шыққан 10 бала бар. Олар мектеп жанындағы қосымша «Зейін» жазғы мектебіне барады. Табиғат аясында, көлікте, көшеде және қоғамда жүріп-тұру ережелеріне үйренеді. Арнайы сабақ кестесіне сай күнде таңертең сағат 09.00-ден бастап (әр сабақ 40 минуттан) сағат 12.05-ке дейінгі сабақтарға қатысады.

Мектептегі лагерь жетекшілерінің сөзіне сүйенсек, жазғы мектеп балалардың шығармашылық, танымдық қабілеттерін шыңдайды. Ойын түрінде өткізілетін сабақтар әр баланың білімге қызығушылығын арттырады. Сондықтан, балалар мұндай сабақтарға ерекше ынта-ықыласпен қатысатын көрінеді.

– Мектеп жанындағы «Балауса» лагері әр ауысымда 50-ге жуық баланы қабылдайды. Бірінші ауысымның мерекелік жабылуы «My kids» балалар ойын-сауық орталығында ойын түрінде өтті. Ал, екінші маусымда Аквапарк бассейніне бардық. Балаларға жылы су, қызметкерлердің сыпайылығы ұнады. Алдағы уақытта «Сарыжайлау» кинотеатры, Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ драма театры және «Сарыарқа» телеарнасына саяхат жасаймыз. Сосын жоспар бойынша облыстағы өрт сөндіру қызметінің мамандарымен сабақтар өтеді. Мектебіміздің оқушылары сондай-ақ, хайуанаттар бағына барғанды жақсы көреді. Бір сөзбен айтқанда, балалар жазғы демалысын мектеп жанындағы лагерьлерде ойдағыдай өткізеді, – дейді №62 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жанар Ахметова.

Жаз айларында облыстағы төтенше жағдай қызметінің мамандары да балалардың жазғы лагерьлердегі қауіпсіздігін жіті қадағалайтынын айтады. Жақында Абай ауданында судан құтқару қызметінің, жергілікті полицияның, жедел жәрдемнің және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен «Қауіпсіз жаз – 2019» акциясы басталды. Мұндай шара жаз бойы облыстың барлық аудандарында өтеді.

Аяулым СОВЕТ.

Басқа материалдар

Back to top button