Ресми

Құжат қабылдау басталды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат минис­трлігі «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына қатысуға конкурс өткізу туралы ресми мәлімдеме жасады. Ережеге сай құжаттар 5 қыркүйекке дейін qazvolunteer.kz сайтында қабылданады.

Сурет ұйымдастырушылардан

Аталған байқау волонтерлік қозғалысты дамыту мен қолдау­ға және әлеуметке һәм қоғамға пайдалы міндеттерді шешуге елеулі үлес қосқан отандық, халықаралық волонтерлер мен волонтерлік топтарды, еріктілер ұйымдарын ынталандыруға бағытталып отыр.

«Жыл волонтері» сыйлығы 15 аталым бойынша өткізіледі. Атап айтсақ, үздік волонтерлік ұйым, корпоративтік волонтерлік көшбасшы, тұрақты даму мақсатының көшбасшылары, үздік әлеуметтік көмекші, төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысқаны үшін, хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге белсенді қатысқаны үшін, құқық бұзушылық құрбандарына көмек көрсетуге белсенді қатысқаны үшін, денсаулық сақтауды дамытуға белсенді қатысқаны үшін, саламатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысқаны үшін, білімді әйгілеудегі үлесі үшін, қоршаған ортаны сақтау және қорғау үшін қосқан үлесі үшін, бейбітшілікті, достық пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін, тарихи-мәдени мұраларды сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін, жануарларды қорғау мәселелерін шешуге қосқан үлесі үшін, әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін сынды номинацияларда үздіктер марапатталады.

Қатысу ережесімен мен құжаттар тізімі qazvolunteer.kz және adilet.kz сайттарынан танысуға болады.

Бұл туралы толық ақпаратты (+77172) 74-12-86, 74-03-11 байланыс нөмірлері немесе r.krasnoschekov@mki.gov.kz электрондық поштасы арқылы алуға мүмкіндік бар.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button