Жаңалықтар

“Жастарға кеңес” мобильдік тобы Қарағанды облысының жастарына мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпарат берді

Мемлекеттік жастар бағдарламаларын түсіндіру үшін “Жастарға кеңес” мобильдік тобы Қарағанды облысының қалалары мен аудандарын аралайды. Мобильдік топ өкілдері “Жастарға арналған жұмыс” жаңа жобасы бойынша кеңес беруді бастап кетті.

Ол оқу орындарының түлектері мен жұмыссыз жастардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

Кеше мобильді топ Шахтинск қаласында болды. Жастарға Облыстың жастар ресурстық орталығының, халықты жұмыспен қамту орталығының, “Отбасы Банк” АҚ, Халыққа қызмет көрсету орталығының, медициналық сақтандыру қорының, “Атамекен” кәсіпкерлер палатасының мамандары, аудандық мәслихат депутаттары және басқалар кеңес берді.

– Жастармен кездесулерде көпшілік мемлекеттік бағдарламалар туралы білмейтінін жиі байқаймыз. Сондықтан “Жастарға кеңес” жобасы іске қосылды. Бұған дейін біз Абай және Бұқар жырау аудандарында болдық. Жастарға түрлі салалардағы мемлекеттік бағдарламалар туралы айтып бердік. Содан кейін жастар жергілікті Жұмыспен қамту орталығымен жұмыс істейді. Біз аптасына бір рет аудандар мен ауылдарға баруды жоспарлап отырмыз. Мобильді топтардың жұмыс кестесін “Жастар рухы” филиалының Instagram парақшасында жариялаймыз: @jastarruhy.qaragandy, – деді AMANAT партиясының “Жастар Рухы” жастар қанатының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Ержан Хамитов.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button