ЖаңалықтарҚарағанды

Жас жігіт қарызынан құтылу үшін туысына шабуыл жасаған

Жезқазған қалалық соты көлігін жөндеу үшін туысқанын тонаған ер адамның бас бостандығын 4 жылға шектеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сотқа тартылған құтқарушының «Өрт сөндіру қызметі және апаттық-құтқару жұмысы» мемлекеттік мекемесіне ешқандай қатысы жоқ. Ол Жезқазған қаласындағы мемлекеттік емес өрт сөндіру жедел бөлімшесінде қызмет атқарған», – деп мәлім етті Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

26 жастағы құтқарушы өзінің танысының көлігімен апатқа ұшыраған, бірақ көлікті жөндеп беруге қаражаты болмаған. Содан соң ол үш миллион теңгесі бар туысқанына шабуыл жасаған. Жәбірленуші сотталушыға кешірім беріп, соттан оны жазаламауды өтінді.

«Бұл 191-бабының 2-бөліміне сәйкес «ауыр қылмыс» болып саналады. Аталмыш тармақ бойынша өзара татуласу қарастырылмайды. Жаза тағайындалды, ер адам айыпты деп танылды. Оған төрт жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды» – деп хабарлады Жезқазған қалалық сотының өкілі Марат Көкішев.

Сондай-ақ, сотталушыға бас бостандығын шектеу мерзімінің соңына дейін пробациялық бақылау қойылды. Оған мемлекеттік өкілетті органның рұқсатынсыз тұратын жерін, жұмысын, оқу орнын өзгертуге және кафе, бар мен спирттік ішімдікті ішу мақсатында көңіл көтеру орындарына баруға тыйым салынды.

  «Егер сотталушы тәртіпті бұзған жағдайда, ол осы төрт жылын абақтыда өткізетін болады», – деп түсіндірді ведомстводан. 

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button