Ақтоғай

Жас таланттар жарады

     Жуырда Алматы қаласында ақын, әнші-композитор Әсет НАЙМАНБАЙҰЛЫНЫҢ туғанына 150 жыл толуына орай І Республикалық «Ән салсаң, Әсеттей сал» байқауы болып өтті.

Дүбірлі додаға Қазақстанның барлық облыстарынан 100-ге жуық өнерлі балалар қатысты. Аталмыш байқауда бағын сынаған Ақтоғай аудандық өнер мектебінің қос оқушысы жүлделі оралды. Асқақ дауысымен тыңдарманды тәнті еткен Айару Құмарова дәстүрлі ән номинациясы бойынша Бас жүлдені иеленіп, лауреат атанса, күй тартып, көпшіліктің көңілінен шыққан Айым Мұратбек «Домбыра» аталымынан 3-орынды иеленді.

М.БЕЙБІТҚЫЗЫ.

АҚТОҒАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button