Білім

Жас сарбаздар тәуелсіздікті жырға қосты

Тәуелсіздік мерекесіне орай Қарағандыдағы оқушылар сарайында «Сарбаз сахнасы» атты «Жас сарбаз» сыныптары арасында облыстық әскери-патриоттық байқау өтті.

Суреттер: облыстық білім басқармасынан

Аталмыш байқау жасөспірімдер мен жастар арасында патриоттық тәрбиені кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған. Оған өңірдің түпкір-түпкірінен біршама команда қатысып, өзара бақ сынасты. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар үш аталым бойынша анықталды.

«Елім менің» аталымы бойынша І орынды Теміртаудағы Б.Момышұлы атындағы мектеп-лицейінің командасы иеленді. ІІ орынды Қарағандыдағы Н.Әбдіров атындағы мектеп, ІІІ орынды №30 мектеп оқушылары иеленді.

«Желтоқсан желі ызғарлы» аталымы бойынша Қарағандыдағы Б.Момышұлы атындағы мектеп командасы үздік атанды. Нұра ауданындағы М.Жұмабаев атындағы мектеп командасы ІІ орын иеленді. Ал, Шет ауданындағы Ж.Ақылбаев атындағы және Қарағандыдағы Ж.Ақылбаев мектебі жүлделі ІІІ орын иегерлері атанды.

«Тәуелсіздік толғауы» аталымы бойынша оқушылар арасында ұйымдастырылған сайыста Қарағандыдағы Н.Әбдіров атындағы мектептің оқушысы Балсина Наурызбаева І орын иегері атанды. Нұралық (М.Жұмабаев атындағы мектеп) Аружан Жансаева ІІ орынды иеленді. Ал, Қарағандыдағы Б.Момышұлы атындағы мектептің оқушылары Темірлан Қасымжан мен Нұрали Мақсат ІІІ орынды өзара бөлісті.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button