Қарағанды

Жас математиктер жарады

     Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында, облыстық педагогикалық «Біздің айналамыздағы математика» атты жобасын жүзеге асыру мақсатында Әлихан Бөкейхан атындағы №76 орта мектеп  «Менің өмірімдегі математика» 3-4 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының байқауы өтті.

Байқауға қазақ тілінде 68 жұмыс, орыс тілінде 30 жұмыс тапсырылып, 48 жұмыс қалалық ІІІ қорытынды кезеңге жолдама алды. Іріктеу кезеңіндегі жұмыстарды қалалық білім бөлімінің негізінде құрылған комиссия мүшелері сарапқа салды. Қорғауға ұсынылған зерттеулер «Математика ғалымдардың еңбектері», «Сандар сөйлейді», «Өміріміздегі математика» тақырыптарын қамтыды.

Мәре бар жерде сөре бар. «Жүзден жүйрік» шыққан мектебіміздің 4 «Ә» сынып оқушысы Айзере Мұрат «Қазақтың ұлттық өлшем бірліктерінің маңызы» жобасымен, жетекшісі –  Жібек Кәкімова ІІІ дәрежелі дипломды иеленді. Сондай-ақ, 3 «Б» сынып оқушылары Айсұлу Темірханова мен Мәди Қабдолланың  «Рим цифрлары», жетекшісі – Алтынай Бейсенбаева  ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 4 «В» сынып оқушысы Ақтоты Бүркітсетер «Математика ғалымдарының еңбектері» жобасымен, жетекшісі – Назгүл Жүнісбекова ІІ дәрежелі дипломды қанжығасына байлады. «Құранның  математикалық құпияларына» үңілген 3 «Ә» сынып оқушысы Фариза Баянбек, жетекшісі –  Динара Бәкірова мадақтама алды.  «Айналадағы геометрия» тақырыбын екжей-тегжейлі түсіндіріп, комиссия мүшелерін таң қалдырған 3 «В» сынып оқушысы Аянат Берікханова    І дәрежелі дипломға қол жеткізді. Жетекшісі – Гүлбақша Ахмет. Жеңіске жеткен оқушыларымыздың шығар биіктері көп болсын демекпіз.

 Гүлбақша ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

Ә.Бөкейхан атындағы

№76 орта мектептің мұғалімі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button