Білім

Жас дарындар олжамен оралды

Алматыда Өмірбек Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша XII Халықаралық зерттеу жұмыстары байқауында қарағандылық оқушылардың үш жобасы жүлделі орындарға ие болды. Облыс атынан қазылар алқасының сотына алты жұмыс шығарған 10 оқушы қатысты.

Зияткерлік жарыстарға Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанның барлық өңірлерінен «Математика», «Қолданбалы математика», «Экономикадағы механика және математикалық әдістер» секцияларына барлығы 150 адам қатысты.

ІІ орынды Бұқар жырау ауданы, Көкпекті кентінің оқушысы Лайлә Хинаят алды.

— Бизнес-жобамыздың тақырыбы — «Саудаға арналған эко сөмкелер мен шоперлерді тігу бойынша тігін цехын ашу». Мақсат — қоршаған ортаны жақсарту үшін күнделікті өмірде қолданылатын полиэтилен пакеттерінен құтылу. Жоба 2021 жылдың қазан айында басталды. Біз теорияны пысықтадық, «Бастау» бағдарламасымен таныстық және инвестициялық тараптарды зерттедік. Содан кейін Ләйлә өз жобасын мектепішілік конкурста қорғап, аудандық және облыстық деңгейдегі жарыстарға қатысты. Біз қазылар алқасының ескертулерін ескеріп, жобамызды толықтырдық. Халықаралық байқауда екінші орынға ие болдық, — деді жобаның ғылыми жетекшісі, Көкпекті кентінің ЖББМ физика пәнінің мұғалімі Сайрагүл Семсерхан.

Үшінші болып Шет ауданы Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары Аружан Темірлан мен Аяжан Асқарова «ІТ-фармацевт және бухгалтерия» жобасымен, сондай-ақ, «Ақпараттық технологиялар» (Қарағанды) Арай Мұратхан мен Инабат Қожан, олардың жұмысының тақырыбы — EcoGo (Агроөнеркәсіптік кешенде табиғи, экологиялық таза өнімдерді сату).

Жүлдегерлер ҚР Білім Министрлігінің дипломдарымен және медальдарымен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Байқаудың ұйымдастырушылары — «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button