Ақтоғай

Жарасымның жарқын үлгісі

Ынтымақ пен бірліктің, келісім мен жарасымның жарқын көрінісі, бейбітшілік пен тұрақтылықтың кепілі іспеттес Алғыс айту күні қарсаңында Ақтоғай ауданына қарасты Сарышаған кентінде көпбалалы аналар мен қарияларға құрмет көрсетілді.

Аудан әкімінің орынбасары А.Аманжолов «Алтын алқалы» ана З.Ахмедиеваның және 87 жасқа келген С.Хасанованың шаңырағында болып, аудан әкімінің құттықтауын жеткізіп, мерекелік сый-сияпат жасады.

– Қазақ халқы жатсынуды, бөлектеуді білмейді. Алғыс айту күнінде баршаның баласын бауырына басқан қазақтарға мың алғыс айтып, құтты мекенге айналған Қазақстанды, өзім өсіп-өнген ауылымды ерекше жақсы көретінімді жеткізгім келеді. Біз Қазақстанда дүниеге келдік, оқып, білім алдық, өмірден өзіміздің орнымызды таптық, – деп сөз сабақтаған С.Хасанова өздерін елеп-ескерген аудан әкімдігіне ризашылығын жеткізді.

Думан ҚАБЫЛ,

АҚТОҒАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button