Басты тақырыпЖаңалықтар

Жарайсың, Дәурен!

ҚР Қоғаныс министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы кадет корпусы базасында взвод сержанттарының біліктілігін арттыру курсы ұйымдастырылған болатын.

Астана өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне қарасты 31775 әскери бөлімінің 1 мотоатқыш батальонының взвод сержанты Дәурен Серікбаев курста өзінің біліктілігімен көзге түсті.

Курстың бағдарламасына сәйкес, ол оқ ату, дене даярлығы, әскери топография және басқа да оқыту пәндері бойынша білімін көрсетті. Сондай-ақ, курстық медаль, грамотамен марапатталды.

Жарайсың, Дәурен!

Думан ҚҰРМАНҒАЛИЕВ.

Басқа материалдар

Back to top button