Қарағанды

Жануар қоры толығуда

    Медиатор қызметі кәсіби де, кәсіби емес негізде жүзеге асырылады. Бұл қызметті Қарағанды қаласының мектептері де қолға ала бастады.

Жанжалды жайттарды шешуге арналған пилоттық жоба екі білім мекемесінде іске қосылды. Айта кетейік, бүгінде № 86 мектепте оқушылардың бастамасымен сенім поштасы жұмыс жолға қойылып, оған анонимді түрде хат жолдай алатын мүмкіндік туған. Сонымен қоса, № 2 лицей негізінде мектеп оқушыларын ме­диация саласына бейімдеп оқыту басталған көрінеді. Татуластыру қызметтерінің үйлестірушілері мектеп психологтары мамандарынан тұрады. Егер күрделірек жайттар кездессе, «Центр разрешения кон­фликтов – Диалог» ЖМ кә­сіби медиаторлары көмекке қолын созатын болады. Әзірге, мектептерде медиация ту­ралы стендтер орнатылды. Қазан айында педагогтар мен жоғары сынып оқушылары арасында медиация мәселелеріне қатысты бес семинар ұйымдастырылған. Бұл бағыттағы шаралар жалғасын таппақ.

Өз тілшімізден.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button