Ақтоғай

Жаңашыл ұстаз – ел келбеті

     Бүгінгі күні республикамызда білім беру жүйесі түбегейлі өзгеріске ұшырауда. Оның негізгі факторы жаһандану үдерісіндегі білім беру саласында жаңа модельдердің дүниеге келуі, білім беру үдерісінің ақпараттандырылуы болып табылады.

Ақпараттық және педагогикалық технологиялар негізінде мұғалімнің рөлін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік туды. Мұғалім тек қана білімді алып жүруші ғана емес, сонымен қатар, оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт беруші болып саналады. Отандық білім беру ұйымдарында білім мазмұнын жаңарту барысында қазіргі өмірде кең ауқымды дағдыларға көп көңіл бөлінуде.

Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай,  дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, қатаң бәсекеге жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Мұндай бағыттар нағыз ұстаздың қолынан келеді.

ХХІ ғасырдың ұстазы қандай болмақ? Әрине, кәсібінің майталманы үшін осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да белгілі. Бұл – әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін адамға тән қасиет.

Жаңартылған оқу бағдарламасының, оқу материалдарының тақырып бойынша және сынып бойынша күрделенуі, Блум таксономиясы бойынша оқыту мақсаттарының иерерхиясы, сонымен қатар, пәнаралық байланыстардың жүзеге асыру барысында «ортақ тақырыптардың» болуы, оқу процесін ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлар түрінде технологияландырылу болып табылады.

Егер, әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені, қазіргі жас буын – еліміздің  келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру», – деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үдерісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. Ұстаз бойында  дүниетанымдық көзқарас, қызметке бейімділігі, кәсіптік білімі мен біліктілігі, ұйымдастырушылық қабілет, заманға сай жаңашылдық болуы керек. Осындай даралық қасиеттер болса, бақытқа жеткізеді. Бақыттың үлкені – өзіңді-өзің тану. Ұстаз өзін-өзі  қай уақытта таниды? Ол алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәті. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.

 

Айым БАЙЖІГІТОВА,

Абай атындағы негізгі орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі.

АҚТОҒАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button