Ақтоғай

Жаһан жаңалығы – ауылда

   Жаңа жыл қарсаңында Ақтоғай ауданы Қызыларай ауылы «Beeline» операторының қызметіне қол жеткізді. Игі шара аталмыш ауылдың тумасы, «Алтай полиметалл» компаниясының президенті Махмұт ӘЛІПБЕРГЕНОВТІҢ қолдауымен іске асты.

Халықтың спутниктік байланысқа қол жеткізуін жеделдетуде елеулі үлес қосқан аудандық же­лілік-техникалық учаскесінің бас­шысы Болат Ақпанбаевтың, ауыл азаматтары Қ.Жакишов, Б.Қуаншин, С.Спановтардың жасаған еңбегін ерекше атап өткен жөн. Ұялы байланыс жүйесінің қосылуына орай өткен ресми жиынға аудан әкімі С.Әбеуова және аудандық мәслихат хатшысы Р.Әбеуов және С.Тәжібайқызы қатысып құттықтады. Ұялы байланыс желісінің лентасын ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Қасымбеков және С.Тә­жі­байқызы қиды. Сондай-ақ, сөз ал­ған ауыл ардагерлері Қ.Қарақонысов, Н.Мәжманов, С.Еркебаев және А.Бекмағанбетов алғысын жеткізді.

Шараны қорытындылаған ауыл әкімі Ш.Төлепбекова ауылдың қо­ғамдық-саяси өміріне белсене араласып жүрген ауыл азаматтары М.Сәттібаев және Т.Бекмолдинге ұялы телефон сыйлады. Сонымен қатар, ұялы байланыстың қосылуы құрметіне орай елді мекендегі әр үй басына «Beeline» нөмірін тегін таратты. Белайнның монтаждау тобына ескерткіш картина табыстады.

Думан ҚАБЫЛ.

АҚТОҒАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button