Бас тақырыпЖаңаарқа

Жаңаарқада егіншілік жайы екшелді

Егіншілік – агрокешендегі ауқымды сала. Ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімнің басым бөлігі осы салаға тиесілі. Сондықтан, жыл сайын көктемде егін егуді сапалы әрі жүйелі жүргізу зор жауапкершілік жүктейді. Үкімет тарапынан оны ойдағыдай өткізуге барлық мүмкіндік қарастырылға.

Таяуда Жаңаарқа ауданының орталығында облыс әкімінің орынбасары Серік Шайдаровтың төрағалығымен егіншіліктің жайы екшелген алқалы жиын өтті.

 Көктемгі дала жұмысына дайындық барысы және уақтылы сапалы аяқтау мәселесі қаралған семинар-кеңесте облыс әкімінің орынбасары Серік Шайдаров өткен жыл облыс диқандары үшін өте қолайлы болғанына, соған сай тиісті өнім алынғанына тоқталып, биыл көктемгі дала жұмысына дайындық кестеге сәйкес жүргізілгенін, тұқым, жанар-жағар май және қаржыландыру мәселесі шешілгенін атап өтті. Алайда, аймақта, жекелеген шаруашылықта шешімін таппаған мәселе болса, бүгін бірлесе талқылап, тиімді жол қарастыру қажеттігіне назар аударды.

 Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сағынжан Апақашов облыс бойынша егін егу жоспары жөнінде әңгімеледі. Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Серіков, Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары Мақсұт Оспанов және Шет ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Жұмкин шаруашылықта қалыптасқан ахуал жөнінде қысқаша ақпар берді.

Зиянкеспен күрес ҚР АШМ АӨК МИК Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Әзілхан Абақановтың әңгімесінің өзегіне айналды. «А.Христенко атындағы Қарағанды ауыл шаруашылығы тәжірибесі станциясы» ЖШС директоры Бауыржан Қалымов пен «Қазгидромет» РМК облыстық бөлімшесі директорының міндетін атқарушы Нұрлан Шахарбаев облыс бойынша ауа райының қолайлы және қолайсыз мерзімін атап өтті.

 «Аграрлық Несие Корпорациясы» АҚ директоры Бауыржан Баймұқаш, «Қазагроқаржы» АҚ директорының орынбасары Бисара Дүйсембаева, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ директоры Асқарбек Мақсұмхан ауыл шаруашылығын қолдау үшін бөлінетін несие жайында толық мәлімет беріп, әр бағдарлама бойынша берілетін қаражат мөлшері, мерзімі, қажет құжат, қойылатын шарт пен талап төңірегінде түсіндірді.

Семинар-кеңес күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша тиісті шешім қабылдады.

Әлібек ӘБДІРАШ

Басқа материалдар

Back to top button