Жаңалықтар

Жаңа тәсіл – өркениет биігі

Қарағандыдағы «Достық үйінде» «Дауларды реттеудегі медиатор құралдары мен медиация рәсімі негіздері» тақырыбында шеберлік сағаты өтті. Аталған ша­раға облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ мен Халықаралық құқық қорғау орталығы, Қазақстан медиаторлар ассоциациясы ұйытқы болды.

Шарада медиацияны және басқа да дау-жанжалды шешудің баламалы тәсілдерін дамыту, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, даулы жағдайларды реттеу үшін медиация институтын кеңінен енгізу мәселелері қарастырылды.

Мазмұны терең шараға облыстың этно-мәдени бірлестіктер, ақпарат құралдары өкілдері,  кәсіби медиаторлар, жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button