Білім

Жаңа орталықтағы жарқын мүмкіндік

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің шет тілдер факультетінде түрік тілі мен мәдениеті орталығының тұсауы кесілді. Ашылған жаңа кабинетте сабақтар мен түрлі тақырыптық іс-шаралар өтеді.

Сурет: облыс әкімдігінің сайтынан

Арнайы орталықты Түрік ынтымақтастық және Үйлестіру агенттігі (TIKA) қаржылық демеушілік көрсетіп, кабинетті жөндеу­ден өткізіп, жабдықтаған. Ұйым бүкіл әлем бойынша түрік тілін қолдау және дамытумен айналысып келеді.

– Бұл – елімізде TIKA ашқан төртінші орталық. Жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Дизайн үшін жағымды түстер қолданылды. Үстелдер, орындықтар барлық қажетті техника сатып алынды. Жұмыс істеу үшін үлкен экран, мультимедиялық панель де бар. Мұнда екінші жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан Түркиядан келген екі дәріскер де сабақ өткізеді. Сонымен қатар, тәрбиелік және танымдық сипаттағы түрлі іс-шаралар мен шеберлік сыныптарын да осы арнайы орында өткіземіз, – дейді шет тілдер факультетінің деканы Гүлназ Тілеужанова.

Дерекке сүйенсек, қазіргі таң­да білім қарашаңырағы Қарағанды университетінде 500-ден астам студент түрік тілін оқиды екен. Жаңа орталық жайлы жағдайда сапалы білім алуға мүмкіндік беретіні сөзсіз.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button