Жаңалықтар
Жаңа оқу жылында – жаңа пән
Бірінші қыркүйектен бастап Қарағанды облысының орта мектептеріндегі барлық жетінші сыныптарға «Өлкетану» пәні қосылады.
Бұл туралы облыстың білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды. Пәнде барлық қаланың және Қарағанды облысындағы аудандардың тарихы туралы деректер қамтылады. Тамыз айының соңында оқулық құрастырылып, баспаханаға жіберіледі. Оқушыларға кітапты мектеп кітапханасынан беру, сатып алу мәселесі шешілуде. «Өлкетану» кітабын шығарудағы мақсат – оқушыларға өз өңірінің тарихы мен археологиясы, бірегей орындары туралы сыр шерту.