Жаңа мектеп – жаңа тоқсан, жаңа леп

     Өткен сенбіде кеншілер шаһары заманауи жабдықталған, ерекше білім ошағымен толықты. Өңірде №102 мектеп-гимназиясының алғашқы қоңырауы соғылды. Озық технология мен білімнің парқын жақсы түсінетін қала тұрғындары жаңа гимназияның ашылуын жақсылыққа балады.

«Қоңырау сыңғырла, асыға, Үн қосқан қиядан асуға, Білім ал, еңбек ет, жас ұлан, Өрле сен биiк шың басына» деген жас өрендер салтанатты шараны думанды, көтеріңкі көңіл күйде ашты. Көптен күткен жаңа мектептің ашылу салтанатына ата-аналар, ұстаздар, 1-4 сынып оқушылары жиналды. Бүлдіршіндердің қуанышына ортақтасқан қала әкімі Нұрлан Әубәкіров өз сөзінде: «Біз тарихи кезеңнің бастауында тұрмыз. Бұл – тәуелсіз Отанымыздың ұлы мақсаттары жолындағы жарқын кезеңі. Қаламызда білім нәрімен сусындататын жаңа мектеп есігін ашты. Бұл – осы бағытта жүргізілген мақсатты жұмыстардың нәтижесі. №102 гимназияның жаңа қадамына сәттілік тілеп, еліміз үшін бәсекеге қабілетті, даңқты тұлға қалыптастыруға ықпал етеді деген сенім білдіреміз»,– деді.

Жиынға қатысқан оқушылар көп­шілікке мерекелік қойылым ұс­ын­­са, ата-аналар шашу шашты.

Айман МУСИНА, №102 мектеп-гимназиясының директоры:

Мектеп құрылысы Жаңа жылға дейін аяқталған болатын. Бүгінгі таңда оқу бағдарламалары үш ауысымда оқытылып келе жатқан №23 орта мектептің және №101 мектеп-гимназиясы­ның мектепалды дайындық және бастауыш сыныптарының оқушылары педагогтарымен осы мектепке ауыстырылды. Алдағы уа­қытта 24 сыныпта – 610 оқушы білім алатын болады. Оларға 24 ұстаз сабақ береді. Ұстаздар үшін әр оқушының болашағы маңызды. Сондықтан, жылы әрі жайлы мектептер оқушыларға қажет. Жаңа білім ошағында ата-аналармен бірге балалардың болашағын жоспарлап, бейімдік бағыттар арқылы білімін дамытамыз. Озық ойлы оқушылар дайындап, білім бәйге­сінде бәсекеге қабілетті болу жолында еңбек етеміз.

Айта кеткен жөн, 1200 орынға арналған үшқабатты жаңа мектеп үш ауысымдық оқытуды жою мақсатында Елбасының «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында асырылады. Жабдықтау жұмыстарына 1,8 млрд. теңге жұмсалды. Қазіргі таңда мектепте физика, химия, технология және заманауи компьютерлік техникамен жабдықталған информатика сыныптары бар. Сондай-ақ, оқушылардың шығармашылық және спорттық бейімін дамытуға бағытталған робототехника, хореография, қолданбалы-сәндік өнер және спорттық секциялар жұмысы жоспарланған. Оқыту қазақ және орыс тілінде жүргізіледі.

Алдағы уақытта түрлі бағыттағы кеңейтілген әрі тереңдетілген білімді қамтамасыз ететін оқу бағдарламалары жүзеге асырылады. Тә­жірибелі ұстаздар мен білікті мамандар оқушыларды білім нәрімен сусындатады. Білім ордасына 5-10 сыныптарға оқушыларды қабылдау биылғы 1 маусымнан басталады.

Аяулым СОВЕТ

Суретті түсірген

Д.КУЗМИЧЕВ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.