Жүректері мейірімге толы

    «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» дейді дана халық. Осы даналықпен қазақ елінің Тәуелсіздігіне арналған 25 жұлдызды күн акциясы аясында № 8 жалпы білім беретін орта мектебінің бірқатар ұстаздары мен оқушылары Қарағанды қаласының мүмкіндігі шектеулі балалар мектеп-интернатында өткен кездесу кешіне қатысты. Дәстүрлі түрде өткізілетін шара жалғасын тауып, қамқорлық пен жылулықты қажет ететін балаларға аялы алақанын тосып, ұстаздар балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

    Акция барысында мектеп ұстаздары ата-аналардың күшімен жиналған кеңселік тауарлар мен тәтті сыйлықтарды балаларға табыстады. Оқушыларымыздың қайырымдылықты, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін танытқандары педагогикалық ұжымды қуанышқа бөледі.

Алмагүл БОЖАНОВА,

8 жалпы білім беретін орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.