Жөндеу жұмыстары қолға алынды

Биыл Қарағандыда жалпы құны 3,8 млрд. теңгені құрайтын 43 шақырым көлік жолы жөнделеді. Бұл жөнінде облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Абайділдә САНАУБАРОВ мәлім етті.

Осы жылы 27 нысанды жөндеу жоспарланып отыр. Мұның ішіне құны 100 млн. теңге тұратын Приканальная көшесінің құрылысы және сомасы 779,7 млн. теңгені құрайтын Гоголь көшесінің күрделі жөндеу жұмысы енгізілді. Сонымен қатар, құны 2 млрд. 923 млн. теңге көлемінде 25 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Жөндеу жұмыстарының басым бөлігі Октябрь ауданында атқарылады. Атап айтқанда, Майқұдық, Пришахтинск және Сұрыптау станциясының 21 нысанында жөндеу жұмыстары орындалады. Көпшілікті алаңдатқан Гоголь көшесін жөндеу мәселесі шешімін табады. Мұнда тротуарларды ауыстыру, жол қозғалысын реттеу құралдарын ретке келтіріп, толық жөндеу жұмыстарын атқару жоспарланған. Сондай-ақ, «Қарағанды конфеттері» ЖШС фабрикасы маңындағы теміржол өтпесінің мәселесін шешуге, жолдарды кеңейтуге уәде берді.

Нұрдос КӘРІМ

Қарағанды қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.