Жаңалықтар

Жұлдыздар ұясы

     Биылғы оқу жылында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің магистратурасына «жұлдызды» жинақ өтті. Жаңадан келгендер қатарында атақты спортшылар мен айтыскерлер бар.

ҚЭУ магистратурасына «кедендік қызмет» мамандығы бойынша Олимпиада ойындарының жүлдегері Василий Левит түсті.

Сонымен қатар, бұл жоғары оқу орнында танымал боксшы, олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев та оқитын болады. Ол «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығын таңдаған. Ал, айтыскер ақын Дидар Қамиев «құқықтану» бойынша білімін жетілдіреді.

Олардың барлығы мемлекеттік оқу гранттарын алып, тегін оқитын болады. Магистрлік курс екі жылға созылады.

– Мен Серік Сәпиевтің ізін қудым. Ол осы университетте оқиды, – деді Василий Левит. – Бірінші алған жоғары білімім – заңгерлік, екіншісінде кедендік қызметті таңдадым. Келешекте өмірімді осы мамандықпен байланыстыруым әбден мүмкін.

Осыған дейін Василий Левит ҚЭУ-де қонақ ретінде болып, студенттермен кездескен, шеберлік-сыныптарын өткізген. Университет өзінің спорттық базасымен танымал. Олимпиада чемпионы, Вэл Баркер Кубогының иегері, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Сәпиев екі жоғары білімге ие. Ол Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін дене шынықтыру педагогы, құқықтану мамандықтары бойынша тәмамдаған. Содан соң, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде «тау кен ісі» мамандығы бойынша диплом алған. «Спорттық менеджер» мамандығы бойынша «Болашақ» бағдарламасының стипендианты болған. Қазіргі таңда Серік Сәпиев ҚЭУ-дің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бакалавриатында білім алуда.

ҚЭУ-ге биылғы жылы, сонымен қатар, ұлттық құрама мүшелері мен спорт шеберлері де оқуға түскен. Олардың қатарында мини-футбол бойынша Қазақстанның үш дүркін чемпионы Владислав Черномордов, қазақ күресі бойынша еліміздің жастар құрамасының мүшесі Сержан Бейсенбаев және биатлон бойынша жастар арасында еліміздің екі дүркін чемпионы, Олимпиада құрамасына үміткер ең жас спортшы Виктория Катаева бар.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button