Әзербайжан Президенті Астанаға келді

«Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиев Астанаға келді. Аздаған уақыттан соң ол Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу үшін Ақордаға барады», – деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Әзербайжан Президентін әуежайдан Үкімет басшысы Әлихан Смайылов күтіп алды.

Естеріңізге сала кетейік, Ильхам Әлиев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 10 сәуірде ресми сапармен келетінін бұған дейін жазған болатынбыз.

Астанада екі ел басшылары шағын және кеңейтілген құрамда кездесу өткізеді деп жоспарланған. Келіссөздер барысында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың негізгі мәселелері талқыланады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.