Білім

Үздік жобалар анықталды

Биыл Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің құрылғанына 70 жыл.  Мерейлі жыл аясында оқу орны білім алушылардың кәсіпкерлік белсенділігін дамытуға жәрдемдесіп, игі бастамаларын жүзеге асыруға атсалысып жүр. Осы мақсатта университетте жастар арасындағы бизнес жобалар байқауы жиі өткізіліп тұрады. Оған қоса жақында жастар арасында өткен кәсіпкерлік бағыттағы жобалар байқауында үздіктер анықталды.

Сурет: сайт мұрағатынан

Конкурсқа әр факультеттен түрлі мамандықтар бойынша өтінім қабылданды. Сараптамалық кеңес отырысында 23-і іріктелді. Студенттер білім алатын бағыттарына сәйкес бизнес жобалар дайындап, тәжірибеде қолдана алатынын көрсетті. Байқау жұмыстарына қарап, қатысушылардың баяндамаларын тыңдағаннан кейін, сараптамалық кеңес мүшелері үздік командаларды марапаттады. Ең үздік бизнес-жобаларға көмек көрсетілетін болды. Алдағы уақытта стартап-компанияны құру және дамыту масатында жастарға жағдай жасалады.

Конкурс нәтижесінде І дәрежелі дипломмен Эдвард Решетняков, Қайрат Белгібаев, Гүлім Жұмажанның «MiningMerch-ЖОО жеке бренді» жобасы марапатталды. Жобаның негізгі идеясы – университеттің өз брендін күшейту. Сондай-ақ, білім алушылар мен оқуды бітіріп кеткен түлектерді сувинирлік өнімдер (мерч) арқылы біріктіріп, оқу орнының имиджін арттыруды көздейді. Сайыста ІІ дәрежелі дипломды «TripTune туристік стартапы» жобасының авторлары ИС-20-3 тобының студенттері  Д. Читян, С Капралов, А Қохан, Н. Бербенцев иеленді. Студенттер жобаларында еліміздің көркем табиғаты мен тарихи жерлерін жарнамалайтын туристтік мобильді қосымшаны ойлап шығарған.

Ал, ІІІ дәрежелі диплом  «ALAM» жобасының  авторлары,  СИБ-21-3 тобының студенттері Мұқтар Нұриден, Елдана Нұржігітова, Аружан Нұрбекова, Насима Мархаматоваға бұйырды. Тіс емдеу клиникалары мен тұтынушыларына арнлған ыңғайлы мобильді қосымшаны жасап шығарған студенттер, жобаның болашақта көпшіліктің игілігіне жарайтынына сенімді.

Әсет РАКИШЕВ,
Ә.Сағынов атындағы ҚарТУ-дың ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button