Қарағанды

Үздік командир

   «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты 31775 әскери бөлімінің «Спасск» оқу-жаттығу орталығында жиі-жиі оқу-жаттығу жиындары өтіп тұрады. Сол жаттығулар кезінде өзінің алғырлығымен, шеберлігімен көзге түскен жауынгерлер ұдайы басшылық тарапынан марапатталады. Мәселен, таяуда өткен жауынгерлік взвод атыс кезінде қатардағы жауынгер Жандос Айтқали жауынгерлік шеберлігі және өзіне бағынышты жеке құрамды ұтымды басқарғаны үшін үздік атанды. Өңірлік қолбасшылықтың қорытынды жиынында құрметке ие болды.

Жандос 1993 жылы 18 қаңтарда Алматы облысы, Алмалы ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген.

Жастайынан Жандосты әкесі еңбекке және отансүйгіштікке баулыды. Мектеп қабырғасында оқып жүрген кезіндегі ең бірінші арманы – әскери салада, Отан қорғау саласында қызмет атқару болған екен.

Сол арманына бүгінде қолы жеткен. Өзіміз көріп отырғандай, қазіргі уақытта Жандос «Астана» өңірлігіне қарасты 31775 әскери бөлімінде 1-ші мотоатқыштар батальоны, 1-ші мотоатқыштар ротасы, 1-ші взвод, 1-ші бөлімше командирі болып Отан алдындағы борышын мінсіз атқаруда. Қазіргі уақытта 31775 әскери бөлімінің бетке ұстар келісім-шарт қызметкері ретінде алдыңғы қатарда жүр.

Бос уақытын да текке өткізбейді. Шағын футбол командасының белді мүшесі. Қазақтың әр жас жігіті Жандостай азаматтардан үлгі алса дейміз.

Думан ҚҰРМАНҒАЛИЕВ.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button