Үздік хирург
Облыс медицинасының дамуына өзiндiк үлес қосқан ақ халаты абзал жан, білікті, тәжірибелі маман, жоғары санатты хирург-лор – Нұрлан КҮЛМАҒАНБЕТОВ.
Өңірімізге белгілі дәрігер, кәсібіне адал маман жылына 100-ге жуық адамның сырқатына ем тауып, ауруынан айығуына жәрдемдескен. Айта кету керек, Нұрлан Күлмағанбетов есту және тыныс алу мүшелеріне күрделі операцияларды жасайтын санаулы оториноларинголог дәрігерлердің бірегейі. Адамның есту қабілетін қалпына келтіру бойынша операцияны тимпанопластика деп аталатын жаңаша әдіспен жасайтын дәрігер жұрт алғысын арқалап жүр. Бүгінде, жоғары санатты дәрігер, Қарағандыдағы облыстық медицина орталығындағы оториноларингология (ЛОР) бөлімшесінің меңгерушісі қызметін атқарып келеді. Ол осы күнге дейiн қызмет баспалдақтарымен абыроймен сатылап өстi. Қатардағы хирург болып бастап, араға жылдар салып бөлiм меңгерушiсi, бiлiктi оташы болды.Тәжірибесі толысып, қабілет-қарымын байқатты. Ұзақ жылдарғы жемісті еңбегі еленіп, түрлі марапаттарға ие болды. Жақында ғана, «Үздік хирург» аталымы бойынша облыста дара шықты.
Лайықты!
Хирургке алдына келген адамның сырқатын жазып жіберуден асқан қуаныш жоқ. Өйткені, жаны мен тәні сау адамға жарық дүние шырайлы емес пе?!
Өз тілшімізден.