Жаңалықтар

Заманауи жабдықтар – жұрт игілігіне

    Сәрсенбі күні облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ Қарағандыдағы №1 қалалық ауруханада болып, медициналық мекемеде орнатылған жаңа медициналық жабдықтармен танысты.

Аймақ басшысы бірінші кезекте компьютерлік томограф орнатылған функционалдық диагностика бөлімін аралап көрді. Заманауи аппарат МЖС аясында 270 млн. теңгеге сатып алынған. «Aquilion CX» томографы Октябрь ауданының 70 мың тұрғынына қызмет көрсететін емхана ғимаратына орнатылған. Жаңа жабдықта тексеруден өту тегін медициналық көмек аясында және ақылы негізде жүргізіледі.

Бір айналымда рентгендік түтік арқылы 128 түсірілім жасауға мүмкіндік беретін бұл заманауи аппарат қарағандылық дәрігерлердің қолындағы жабдықтардың ішіндегі ең жаңасы болып табылады. Ол жүрек-қан тамырлары ауруын тексеруде өзінің тиімділігін көрсетуге қауқарлы.

Бұдан соң облыс әкімі ультрадыбысты диагностика бөлмесінің жұмысымен танысты. Мұнда «Affiniti-50» ультрадыбыстық жүйенің заманауи аппараты орнатылған.

Айта кету керек, Қарағанды облысы медициналық техника паркін жаңарту бойынша басқа облыстардан көш ілгері тұр. УЗИ жүйенің аталмыш моделі жаппай сатылымға алты ай бұрын ғана түскен болатын.

Тек, осы жылдың өзінде біздің аурухана жаңа жабдықтар жеткізу бойынша 260 млн. теңгенің келісім-шартына отырды. Әкімдіктің қолдауының арқасында қазіргі таңда бұл бағдарлама облысымызға енгізілген. Біз 11 дана медициналық жабдық сатып алдық. Бұлар жансақтау бөліміне, эндоскопиялық, урологиялық оталар жасауға арналған жабдықтар, рентген-аппараттар, – деді №1 қалалық ауруханасының директоры Дмитрий Чернов.

Еске сала кетсек, №1 қалалық ауруханасы Қарағанды медициналық университетінің терапия кафедрасы мен хирургиялық аурулар кафедрасының клиникалық базасы болып табылады.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button