Заңнамалық актілерге толықтырулар енгізілді

Ағымдағы жылдың 12 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне норма шығармашылықты жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға (бұдан әрі – Заң) қол қойды.

Заңға сәйкес, жалпы, мемлекеттің заңдарды қабылдауға деген көзқарасы өзгеруде. Егер бұрын заңдар мемлекеттік органдар өкілдерінің шағын шеңберінде талқыланса, енді бастапқы кезеңде олар жұртшылықпен және оның әрбір мүдделі нысаналы тобымен кеңінен талқылануға тиіс.

Ол үшін арнайы жұртшылықпен консультациялар өткізуге арналған заң шығару процесінің жаңа кезеңі енгізілуде. Осы кезеңде уәкілетті мемлекеттік органдар проблемаларға талдау жүргізіп, олардың шешу жолдарын жұртшылықпен талқылауы тиіс.

Осылайша, заңдарды қабылдаудың болашақтағы тәртібі келесідей (кезең-кезеңмен):

1. проблеманы анықтау сатысы (проблеманы әртүрлі жолдармен, оның ішінде азаматтардың өтініштерін қарау қорытындылары бойынша немесе құқықтық немесе қоғамдық мониторинг жүргізу жолымен және т. б. анықтауға болады.);

2. Консультативтік құжатты қалыптастыру (оған бар проблема бойынша барлық жүргізілген талдауды қосу қажет);

3. жұртшылықпен қалыптастырылған Консультативтік құжатты талқылау (талқылаудың үш тәсілі қолжетімді болады

– бұл «Ашық НҚА» порталында пікір білдіру, жария тыңдаулар мен пікірталастар арқылы).

4. мәселелерді шешудің нақты жолдарын анықтау. Яғни, уәкілетті мемлекеттік орган одан әрі өзінің саясатымен анықталады және талқыланатын мәселені шешу үшін жұртшылықпен консультациялардан кейін ғана жеке заң әзірлеудің мақсатқа сай екендігі туралы шешім қабылдайды.

Бұған дейін екінші және үшінші кезең болған жоқ.

Тұтастай алғанда, Заң қоғам мүшелерін заң шығару процесіне тарту тетіктерін жетілдіріп қана қоймай, бірқатар басқа да маңызды мәселелерді шешеді. Атап айтқанда, мемлекеттік органдардың ақпараттық және түсіндіру жұмыстарына қойылатын талаптарды күшейтеді.

Ол үшін әрбір заң жобасына және қабылданған заңға ақпараттық сүйемелдеу бағдарламасы қоса берілетін болады.

Бұл бағдарлама азаматтарды алдағы не заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы хабардар ету тәсілдері мен мерзімдерін нақтылайтын іс-шараларды қамтуға тиіс.

Ақпараттық және түсіндіру жұмыстарын жүргізуден басқа, жаңа Заң мемлекеттік органдарды азаматтарды жаңаша реттеуге дайындау мерзімін белгілеуге міндеттейді (кем дегенде 60 күн).

Бұл азаматтар үшін жаңа міндеттерді қарастыратын нормалар кем дегенде 60 күн өткеннен кейін күшіне енетінін білдіреді.

Заңмен қабылданған заңдардың тиімділігін бағалау да енгізіледі. Яғни, мемлекеттік органдар заңдарды қабылдаудың қатынастардың реттелетін салаларына нақты әсерін бағалауды жүргізе бастайды және заңдар қабылданғаннан кейін бес жыл ішінде оларды практикада қабылдау мақсаттарының жетістіктері туралы есеп беруге міндетті болады.

Бұл жүргізіліп жатқан жұмыстың барынша ашықтығын қамтамасыз ету үшін жасалады.

Жаңа талаптардың Үкіметтің бастамасымен әзірленген заң жобаларына ғана қатысты екенін айта кету керек.