Жаңалықтар
Заңға қайшы іс-әрекет тіркелмеді
Әлихан Бөкейхан ауданы №110, 111 сайлау учаскелерінде таңғы сағат 09:00 шамасында 130 адам таңдау жасады. Сайлау қосындары №32 жалпы білім беретін мектепте орналасқан.

№110 сайлау учаскесінің төрайымы Қаламқас Құлболатованың хабарлауынша, сайлау заңына сәйкес, таңғы сағат 07.00-де ҚР әнұраны шырқалған соң, дауыс беріле бастады. Учаскеде 9 комиссия мүшесі мен 5 бақылаушы бар. Бақылаушы Карина Ткачева сайлау барысында әзір ешқандай заңға қайшы келетін іс-әрекет байқалмағанын мәлімдеді.
Сайлаушы Василий Павленко таңдау жасау әрбір азаматтың борышы, еліміздің аспаны ашық, әр күні бейбітшілік пен ынтымаққа толы болсын деген игі тілегін білдірді.
Ерғанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ