Өз технодомыңды ұтып ал

    Өмірде ғажайып болады, оған ең бірінші сене білу керек… «Технодомнан» 1 500 000 теңгенің сертификатын ұтып алған Шоқан Қалдыбаев алғашында бұл жағымды жаңалыққа сенбегені рас…

Бәрі 2012 жылы Грандстор сауда үйінде орналасқан «Технодомнан» үйіне қажетті тұрмыстық техника сатып алудан басталған болатын. Сол кезде алғашқы жасаған саудасы үшін бонустық карта ашқан Шоқан «Технодомның» тұрақты клиентіне айналып, әрбір жасаған саудасынан картаға пайыздар жиналып отырды. Соңғы рет ол үйіне қажетті кір жуғыш машина алуға келгенде, кассадағы сатушылар сыйлықтар ұтысына қатысуға ұсыныс жасаған болатын. Ол осылайша «Өз технодомыңды ұтып ал» акциясының қатысушысына айналды.

Акцияға қатысу үшін кем дегенде 9 990 теңге көлемінде сауда жасау керек екен. Сауда жасағаннан кейін біраз уақыт өткен соң маған Алматыдан қоңырау шалып, ұтыс иегері атанғандығымды хабарлады. Алғашында сенбегенім рас, әзілдеп отырған жолдастарымның біреуі шығар деп, мән бермедім. Қайтадан қоңырау шалып, Қарағандыдағы «Грандстор» дүкенінде оналасқан «Технодомнан» сыйлық сертификатын алатынымды айтқан кезде қуанышымызда шек болмады, – дейді ұтыс иесі Шоқан Қалдыбаев.

Шоқан Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласынан. Сол жердегі Ахмет Яссауи атындағы Қазақ-түрік университетін шет тілдер пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітіргеннен кейін Қарағандыға арман қуып келген. Астана мен Қарағандыдан жұмыс іздеген кезінде қалауы Қарағандыға түсіпті. Қазір қазақ-түрік лицейінде шет тілдер пәнінің мұғалімі. – Қарағандыда тұратыныма бес жылдың жүзі болды. Балаларым, қызым Жанель мен ұлым Дінмұхаммед осы жерде дүниеге келді, олар нағыз қарағандылықтар. Ал ата-анамыз Түркістан қаласында тұрады. Жазғы демалыс кезінде балаларымызбен барып, демалып қайтамыз. Немерелерін көрген олар, атасы мен әжесін көрген балалар да мәз, – дейді Қарағандыда тұратынына қуанған ол. Сыйлық сертификатындағы ақшаға не алатынын да жасырып отырған жоқ. Алдымен өзімнің және жұбайымның телефонын жаңалаймын дейді. Жетінші буындағы айфон телефонын алуды жоспарлаған екен. Ата-анасына жаңа жылдық сыйлық ретінде теледидар алып беремін дейді. Қазақ болған соң туған-туыс, дос-жарандарды ұмытпау керек. Атырауда тұратын қарындасыма да жаңа жыл алдында сыйлық жасап, қуантпақпын дейді ағалық көңілмен. Әрине, достарды да ұмытпау керек, олар да сыйлықтан құр қалмайтынын айтады.

«Технодом» компаниясы Қазақстандағы электр тұрмыстық және компьютер техникаларының жетекші дүкендер желісі. 2002 жылы Алматы қаласында құрылған компанияның бүгінгі таңда Қазақстанның 26 қаласында орналасқан, жалпы сауда көлемі 80 000 шаршы метрді құрайтын 61 дүкені бар. Қарағанды қаласында екі сауда дүкені болса, біреуі Теміртау қаласында. Тағы да сауда нүктелерін ашу жоспарлануда. «Технодом» компаниясының бәсекелестерінің арасындағы басымдығы бірнеше факторларға негізделген. Ең басты мақсат – тұтынушының көңілінен шығу. «Технодомда» ұсынылатын тауарлар бағасы бойынша тартымды. Қарқынды түрде даму үстіндегі компания озық сауда технологияларын пайдаланып, өзінің қызметкерлерінің кәсіби деңгейіне ерекше мән береді. Жақсы ойластырылған сервис сатып алушылардың барлық қажеттіліктерін ескереді. Сауда портфеліне Sony, Panasonic, Samsung, LG, Daewoo, Apple, HTC, Philips, Nokia, Canon, Nikon, Fujitsu, Bosch, Siemens, Electrolux, Indesit, Hotpoint-Ariston, Elica, Gorenje, Hansa, Zigmund & Shtain, Zanussi, Whirlpool, Beko, Termex, Moulinex, Tefal, Rowenta сияқты жетекші әлемдік маркалар кіреді.

Акцияға қатысу үшін бонус картасына ие болып, белгілі бір сомаға сауда жасау керек. Бізден кір жуу машинасын сатып алған Шоқанның жолы болып, жеңімпаз атанды. Бүкіл Қазақстан бойынша жүргізіліп отырған акцияның Шоқан Қарағанды қаласындағы жалғыз жеңімпазы. Сертификаттар әлі де ойналады, алда екі миллион теңгенің ұтысын өткізу жоспарланып отыр. Ақшалай сертификатпен қатар, басқа да сыйлықтар ұтысқа тігіледі. Олардың қатарында ірілі-ұсақты тұрмыстық техникалар бар дейді, – дүкеннің супервайзері Юлия Герасимчук.

Аталмыш «Өз технодомыңды ұтып ал» акциясы өзінің клиенттеріне өздерінің техникаларын біздің есебімізден жаңалаудың ең бір жақсы мүмкіндігі. 2016 жылдың үшінші қазанынан бастап, 2017 жылдың 28 қаңтарына дейінгі аралықта аталмыш дүкеннен кез келген техникасын алу үшін 1 500 000 теңгелік 12 сертификат, 2 000 000 теңгелік 4 сертификат ұтысқа қойылады. Ол үшін бар болғаны тіркелген «TechnoBonus» картасының иегері болып, кем дегенде 9 990 теңгеге сауда жасап, ғажайыпқа сенсеңіз болғаны! «Технодоммен» ұтысы сіздікі болары анық!

Салтанат ИЛЬЯШОВА

Суретті түсірген

Светлана СБРОДОВА.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.