Қызықты география

Білгенге – маржан” айдарының бүгінгі шығарылымында назарларыңызға әлем географиясындағы қызықты деректерді ұсынамыз.

1. Ең ұзын шекара

Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара – әлемде құрлықтағы ең ұзын шекара. Ол 7,5 мыңнан астам шақырымға созылып жатыр.

2. Әлемдегі ең ұзын географиялық атау

Жаңа Зеландиядағы «Taumatawh akatangihangakoauauotamateaturipuka ka pikimaungahoronukupokaiwhe nua kitanatahu» дөңі әлемдегі ең ұзын географиялық атау ретінде Гиннес рекордтар кітабына енген. 84 әріптен тұратын бұл сөз маори тілінен аударғанда «Үлкен тізелі еркек Таметеяның сүйіктісіне флейтада ойнап отырып, тайып кетіп, тұрып, тауды асап, тау кеміргіш аталған орын» дегенді білдіреді.

3. Атауы ең қысқа ауыл

Швейцария мен Норвегияның шекарасы түйісер тұста орналасқан бұл ауылдың атауы жалғыз әріптен тұрады. Ол әлемдегі ең қысқа елді мекен атауы ретінде Гиннес рекордтар кітабына енген. Скандинавия тілінен аударғанда «Å сөзі» – «өзен» деген мағынаны білдіреді.

4. Ең терең шұңқыр

Ресейде орналасқан Коль шұңқыры әлемдегі ең терең шұңқыр болып саналады. Оның тереңдігі – 12262 метр. Ғалымдар осы шұңқырды қазу арқылы жер қыртысын зерттеуге қатысты бірқатар маңызды ғылыми жаңалықтар ашқан.

5. Ең жылы теңіз

Парсы шығанағы әлемдегі ең жылы теңіз болып саналады. Жаз маусымында теңіз суының температурасы 35,6 °C-қа дейін жоғарылайды.

Маржан терген Нұрлыхан ҚАЛҚАМАНҰЛЫ