Ресми

Қызмет алушының құқығы қорғалды

Қарағанды қаласының  тұрғыны жер учаскесіне жалдау шартын ұзарту кезінде Қарағанды қаласының әкімдігі тарапынан бірталай қиындықтарға тап болған. Әкімдіктен нақты түсініктеме алмаған  қала тұрғыны ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті арқылы өз құқығын қорғауға шешім қабылдады. Ол Департаментке шағым жазып, оның негізінде жоспардан тыс тексеру тағайындалды, деп хабарлайды Ortalyq.kz департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сурет egov.kz

Тексеру барысында оның  жалға алушы шарттық міндеттемелерді бұзбағандығы, сонымен қатар, қала әкімдігімен  берілген бас тартудың ешқандай заңды негіздері жоқ екендігі анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша Департамент бұзушылықтарды жою және жалға алушының құқықтарын қалпына келтіру туралы ұйғарым енгізді. Бұл шешім Қарағанды тұрғынына жер учаскесін заңды негізде пайдалануға мүмкіндік берді.

Бұл жағдай азаматтық құқықтарды қорғаудың маңыздылығын және мемлекеттік органдардың іс-әрекеттерінің ашықтығы қажеттілігін көрсетеді. Департаменттің араласуының арқасында әділетсіз шешімнің алды алынып, құқықты  қалпына келтіруге мүмкіндік туды.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button