Қарқаралы

Ырысты ысырапсыз жинауда

    Ауданда астық алқаптарын ысырап­сыз жинап алу мақсатында орақ науқаны қарқын алуда. Диқандар төккен терлерінің қарымтасын қайтарып, толысып піскен алтын дәнді ысырапсыз жинап алуға жанталасуда. Жалпы, аудан бойынша күзгі дала жұмыстары 2 қыркүйекте басталды. Бүгінгі күнге егін салған 15 селолық округі бойынша 30,1 мың гектар алқаптың егіні орылды. Оның ішінде 24,4 мың гектар бидай, 5,4 мың гектар арпа, 0,3 гектар сұлы. Аудан бойынша орташа түсім 13,2 центнерді құрайды. Орындалысы – 60,4%.

    Алтын дәнге оранған алқаптың басында қызу ең­бектің көрігін қыздырып жүрген Мамыраев а/о қарасты «Сары-Арқа», «Айбол», «Жалықбас», «Ерлан» ш/қ, Қырғыз ауылдық округіндегі «Кент Агро» ЖШС, «Аслан», «Берік» ш/қ, Темірші а/о қарасты «Сарышоқы», «Мағаз», «Қалқаман» ш/қ, Қайнар­бұлақ а/о қарасты «Ап­паз» шаруа қожалығы гек­тарынан 10-12 центнер өнім алуда. Бақты а/о «Би-аға» ш/қ 12,2 цн/га, Ынталы а/о «Ынта» шаруа қожалығының диқандары шыққан өнімдерді жауын-шашынға ұрындырмай, гектарына 12,0 центнерден астық жинауда. Сонымен қатар, 464 гектар жерден – бір жылдық шөп, 80 гектардан –жүгері, 361 гектардан – күнбағыс шабылып, сүрлем (силос) дайындалды.

Сағыныш ӘБІЛОВА

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button