ҚарқаралыТарих

Қырық шақырымдағы қызықты тарих

Өткен аптада Қарқаралы ауданының экстремалды жастары Қарқаралы – Кімасар велоэкспедициясына қатысты. Экспедициясының негізгі мақсаты – жастарды Қарқаралы өңірінің тарихи және табиғи ескерткіштерімен таныса отырып, олардың отансүйгіштік сезімдерін арттырып, салауатты өмір салтын насихаттау, дискуссиялық алаң құру болып табылады.
Экспедиция барысында жастар Қарқаралы таулы массивінің шығу тарихымен, онда кездесетін флора-фауналар туралы және “Орманшы үйінің” тарихы туралы мағлұматтар алды. Сондай-ақ, экстремалды жағдайда өмір сүру, от жағу, суды тазартып ішу бойынша жастарға ақпараттар берілді. Соңынан, экспедиция қатысушыларына сертификаттар табысталып, келесі велоэкспедициясының маршруты талқыланды. Велоэкспедицияға қатусушылар тас жолмен, жай жолмен, сумен, батпақты және таулы жерлерден өтіп, жалпы 40 шақырымнан астам қашықтықты бағындырды.

Мирас АСАН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button