Қарқаралы

Қылмыстық топты құрықтады

29 шілдеде «Қазақстан Халық банкі» АҚ Қарқаралы аудандық басқармасына қаруланған қылмыстық топ баса көктеп кіріп, тонамақ болған еді. Алайда, қылмыскерлер ойға алған ісін жүзеге асыра алмады. Себебі, банк қызметкерлері дабыл тетігін дер уақытында басып, жедел көмек шақыртқан.

Дабылдан соң оқиға орнына аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері дереу жетеді. Алайда, бұл кезде қылмыскерлер қашып үлгерген-ді. Осы жерде №1 қазақ орта мектебінің Қуанышбек Саят есімді оқушысы қылмыскерлердің қашқан бағытын, мінген көліктерінің түсін, маркасын айтып береді. Оқушыдан мәлімет алған жедел уәкіл, аға лейтенант Б.Дәулетбаев пен учаскелік инспектор, капитан Е.Мурсалимов іздестіру жұмыстарын жүргізіп, көп ұзамай қылмыскерлерді қолға түсіреді.

Ерлердің еңбегі елеусіз қалмады. Қарқаралы ауданының ішкі істер бөлімінің бөлім басшысы, полковник Ж.Искаков қырағылық танытқан Қуанышбек пен жоғарыда есімдері аталған полицейлерді марапаттады. Салтанатты жиында №2 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Ералин мектеп оқушысының қырағылығына құрмет білдірген полиция ұжымына жүрекжарды алғысын білдірді. Сондай-ақ, қос полицейге 30 мың теңге сыйақы табысталды.

Сағыныш ӘБІЛОВА

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button