Ақтоғай

Ұялы байланыс – ауылда

    Ақтоғай ауданындағы бірқатар ауылдар ұялы байланыс қызметіне қосылмақ. Жыл басынан бері бұл бағытта жергілікті билік тарапынан тыңғылықты жұмыстар қолға алынуда.

Аудан әкімдігі мен аудандық желі­лік-техникалық учаскесі бел шеше кіріскен бұл бастаманың нәтижесінде Қызыларай, Шабанбай би, Қарабұлақ, Қусақ, Сарытерек ауылдарының тұрғындары «Beeline» операторының қызметіне қол жеткізеді.

Аудандық желілік-техникалық учас­кенің басшысы Б.Ақпанбаевтың айтуынша, бүгінде Қызыларай мен Шабанбай би ауылдық округтерінде ұялы байланыс мұнаралары бой көтерген.

– Ай соңына дейін қалған елді мекендерде де мұнаралар толық орнатылады. Сөйтіп, жыл аяқталғанша Қызыларай, Қарабұлақ, Қусақ ауылдары «Beeline» байланыс қызметімен қамтылады. Ал, Шабанбай би, Сарытерек ауылдары келесі жылдың бірінші жартыжылдығына дейін қосылады. Сондай-ақ, келешекте аталған елді мекендерде «Теlе2» ұялы байланысын орнату мақсатында келіссөздер жүргізілуде, – дейді Б.Ақпанбаев.

Манаргүл МҮТӘЛІП.

АҚТОҒАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button