Жаңалықтар

«WhatsApp» мобильді қосымшасының көмегімен жұмысқа орналастыру жалғасуда

      «Қарағанды қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы жұмыс іздеу» (телефон нөмірі: 8(775) 644-35-80) жаңа әлеуметтік жобасының іске қосылғанына бүгін тура 5 ай.

Мобильді жоба жүзеге асырылған кезден бастап қаланың 2415 азаматы осы қызметті пайдаланып, 342 адам жаңа жұмыс орындарына сәтті орналасып, мамандық бойынша тәжірибе жинақтауды жалғастыруда.

Оның ішінде:

– 27 адам «Жастар практикасына» жіберілді;

– 35 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналасты;

– 15 адам қоғамдық жұмысқа жолдама алды.

    Мобильді жоба арқылы жаңа жұмысқа орналасқандардың қатарында – Анисимова Ольга Владимировна да бар. Ол «WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы «Қарағанды қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне келіп, қаламыздағы № 39 кешенді мектеп-балабақшасына жолдама алған болатын. Қазіргі күні Ольга Владимировна білім беру мекемесінде орта сыныптарға информатика пәнінен сабақ беріп, оқытушылық қызметін әрі қарай дамытуда.

    Кадрларды жедел іріктеу және бос орындарды толықтыру мақсатында жұмыс берушілер де бос жұмыс орындары туралы хабарлама жіберіп, мобильді қосымшаны белсенді пайдалануда. Мамандар іздеуде «WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінген кәсіпорындардың бірі – Қарағанды қаласының №3 перзентханасы. Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары аталмыш медициналық мекемеден келіп түскен сұранысты дереу ескеріп, жаңа жұмыс орнын іздестіріп жүрген Е. Брайцеваны ұсынды. Бүгінгі таңда Е. Брайцева перзентханада акушер-мейірбике мамандығы бойынша тұрақты жұмысқа қабылданды.

    Қазіргі күні қаладағы 132 кәсіпорын мен ұйымдар қала тұрғындарына 998 бос орын ұсынып отыр.

   Сонымен бірге «WhatsApp» қосымшасына азаматтар әлеуметтік, кәсіби бағыт-бағдар алу бойынша да жиі хабарласады. Бұл тарапта, Жұмыспен қамту орталығы мұқтаж тұрғындарға толыққанды ақпарат беруді біріздендірген.

    Жобаның басты мақсаты – азаматтарға барынша қолжетімділік, шапшаңдық, ақпаратты алуда уақыт үнемділігін қамтамасыз ету.

    Сондай-ақ, жоба жұмыс іздеген адамның WhatsApp арқылы қаладағы бос жұмыс орындары жайлы мәліметті жедел алудың ерекше жолы. Бастысы, қаражат пен уақытты үнемдеудің айрықша мүмкіндігі.

    Халықты жұмыспен қамту Орталығы жұмыссыз азаматтармен байланыс жасауды әрі қарай жалғастыруда. Жұмыс іздестіріп жүрген қала азаматтарын 8(775) 644-35-80 нөмірі бойынша «WhatsApp» мобильді қосымшасын пайдалануға шақырады.

«Қарағанды қаласы

әкімдігінің халықты

жұмыспен қамту орталығы» КММ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button