«Валют-Транзит Банк» АҚ-ның салымшыларына қосымша кепілдік берілген өтемнің сомасын төлеу туралы АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Қарағанды филиалы салымшылардың назарына 2016 жылдың 10 тамызынан бастап Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (бұдан әрі-Қор) «Валют-Транзит Банк» АҚ-ның салымшыларына, сондай-ақ салымшылардың мұрагерлеріне немесе олардың өкілдеріне төлем төлеу өтініштерінде көрсетілген депозиторларға тиесілі банк шоттарына ақша аудару арқылы 5 миллион теңгеге дейін (сыйақы есептелінбеген) мөлшерде қосымша кепілдік берілген өтемнің сомасын төлеп жатқандығын жеткізеді.

«Валют-Транзит Банк» АҚ-ның депозиторлары кепілдік берілген өтемді алу үшін Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 136 үй, «Пионер-3» БО, 8-қабат мекен-жайы бойынша орналасқан Қорға келесі құжаттарды тапсыруы қажет:

  1. Салымшы (мұрагері немесе оның өкілі) жеке өзі келгенде:

— белгіленген нысанға сай өз қолымен толтырылған жазбаша өтініш;

— жеке басын куәландыратын құжат;

— депозиттерге кепілдік беру жүйесіне кез келген қатысушы банкте, не болмаса Ұлттық пошта операторында банк шотының ашылғаны туралы дәлелдеме анықтама;

— мұрагері келген жағдайда – оның мұраға құқығын немесе мұраны берушінің ақшасын пайдалану құқығын растайтын құжаттардың түпнұсқалары;

— салымшының өкілі (мұрагері) келген жағдайда – нотариалды куәландырылған сенімхаттың түпнұсқасы.

  1. Салымшы (мұрагері немесе оның өкілі) қашықтан (пошта арқылы) жүгінгенде:

— белгіленген нысанға сай өз қолымен толтырылған жазбаша өтініш;

— жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

— депозиттерге кепілдік беру жүйесіне кез келген қатысушы банкте, не болмаса Ұлттық пошта операторында банк шотының ашылғаны туралы дәлелдеме анықтама;

— мұрагері келген жағдайда – оның мұраға құқығын немесе мұраны берушінің ақшасын пайдалану құқығын растайтын құжаттардың түпнұсқалары;

— салымшының өкілі (мұрагері) келген жағдайда – нотариалды куәландырылған сенімхаттың түпнұсқасы.

Салымшының (мұрагерінің немесе оның өкілінің) мәжбүрлеп таратылған «Валют-Транзит Банк» АҚ-на талап ету құқықтары расталған жағдайда Қор кепілдік берілген өтемді құжаттар Қорға келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей төлейді.

Толығырақ ақпаратты  (кепілдік берілген өтемді төлеу туралы өтінішті толтыру жөнінде кеңес алу, құжаттардың толықтығын тексеру және т.б.) 8 800 080 10 20 нөмірінен (қоңырау шалу тегін),  info@kdif.kz электронды поштасынан алуға болады.

 

Жәнібек Мәметқұлов,

 «Қазақстан

Республикасының Ұлттық Банкі» РММ

Қарағанды филиалының

қаржылық ұйымдарды 

бақылау және қаржылық

қызметтерді

тұтынушылардың

 құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.