Қарағанды

Қуанышымызды еселейді

      Құрметті редакция!

     «Орталық Қазақстан» газеті арқылы «Мерей» балабақшасының меңгерушісі Айнаш Ахметбекқызына ықыласты және кәсіби шеберлігі үшін алғыс білдіреміз.

    Сондай-ақ, № 9«Ақ бота» тобының тәрбиешілеріне – Зилола Тәжібаеваға және Гүлнұр Әшімоваға ризашылығымыз шексіз.

    Біздің тәрбиешілер – өз ісінің шебер мамандары. Олар мейірімді қарым-қатынасы, балаларға деген қамқорлығы арқылы әрбір отбасына қуаныш сыйлайды. Балаларымызды достыққа және бір-бірін сыйлауға үйретеді.

   Балалар балабақшада сурет салады, музыкалық сабақтарға, дене шынықтыруға қатысады. Топта әрқашан мінсіз тазалық пен тәртіп салтанат құрады. Барлық мерекелерде ертеңгіліктер ұйымдастырады және топтардың ішкі мазмұны әдемі безендіріледі.

   Біз балабақшаға қуана-қуана барамыз!

9 «Ақ бота» тобының ата-аналары.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button