Трамвай жолға шығады
Теміртауда 1 қазан – қала күніне орай трамвай ресми түрде жолаушы тасымалдауға кіріседі деп күтілуде. Бүгінде қалаға трамвайдың бір составы жеткізілген. Ал, тұрғындар трамвай паркінің жаңаруына қуанышты. Теміртауға арналған трамвайлар жай ғана экологиялық таза көлік емес, ең алдымен, қаланың бүтін тарихы және басты ерекшелігі болмақ.
Қаланың трамвай жүйесі 1959 жылы ашылып, 2023 жылдың ақпанында жұмысын тоқтатқан болатын.
Бұған дейін Теміртауда трамвай толығымен жойылады деген қауесет тараған. Бірақ Qarmet бұл қауесетті жоққа шығарып, оны толығымен қалпына келтіруді жоспарлап отырғанын айтқан болатын. Қаржыландыруды кәсіпорынның жаңа инвесторы өз мойнына алды.
Биылғы сәуірде жұмысшылар ескі рельс төсемдерін демонтаждап, жаңасын төсеуге кірісті. Көптен күткен вагондар да қалаға жеткізілді.
Qarmet баспасөз қызметі әзірге бір ғана состав бар деп хабарлады. Бірақ, көп ұзамай олардың саны көбеймек.
Салтанат ІЛИЯШ,
Ortalyq.kz