Қарқаралы

Тосқауыл күшейтілді

   Қардың шамадан тыс көп жаууы аудандағы біраз елді мекендер үшін қауіпті. Себебі, күн күрт жылынып, қар еритін болса, ауылдарды су алып кетуі мүмкін.

Жақында аудан әкімдігінің жанынан құрылған төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі комиссияның отырысында аудан әкімі Х.Мақсұтов көктемгі су тасқынын болдырмау және оның алдын алу мәселелерін жіті қарап, қауіпті аумақта тұрған ауыл әкімдеріне тиісті тапсырмалар берді. Аталмыш мәселе бойынша, жалпы, аудандағы жағдай жөнінде аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Т.Сүлейменов мәлімдеме жасады. Ауданда су басу қауіпі бар 8 ауылдық округте 13 елді мекен бар. Ол жерлерде 6,5 мыңға жуық адам бар. Биылғы жылы ауданда су тасқынына қарсы іс-шараларды қамтамасыз етуге және оның алдын алуға аудан әкімінің төтенше жағдайларға 10 млн. теңге қаржы қаралып, 20 тонна жанар-жағармай, 16000 бірлік қап, 500 тонна оқшаулау материалы, 5 тонна азық-түлік және медициналық ресурстармен қамтылған. Аудандағы көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында өткен жылдың жаз айларында 9400 метрден тұратын қорғаныш бөгеттер тұрғызылды. Сонымен қатар, Жарлы және Тегісшілдік елді мекендерінің бойындағы өзендердің арнасы тазартылып, жағалары биіктетілді.

Жиын барысында ауыл әкімдеріне, бөлім және тиісті мекеме, кәсіпорын басшыларына тапсырмалар жүктелді.

Сағыныш ӘБІЛОВА

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button