Жаңалықтар

«Торпедомен» өткен тартыс

   ЖХЛ-дағы «Сарыарқа» сенбі күні Өскеменге барды. Жергілікті «Торпедомен» өткен ойын буллит сериясына дейін жалғасты. Бір қуанары, соққылар сериясында қарағандылықтардың айы оңынан туды.

Ойындағы есеп үшінші кезеңде ашылды. 49-шы минутта «сарыарқалық» Айрат Зиязов шайба салды. 0:1. Алайда, арада сегіз минут өте өскемендік Роман Бердников таразы басын теңестірді. 1:1.

Қосымша таймда да есеп өзгермеді. Буллиттер сериясына ұласты. Ал, серия кезіндегі Олег Ломаконың соққысы «Сарыарқаға» жеңіс сыйлады.

Үш ойын өткізіп, екі матчта жеңіске жеткен қарағандылық ұжымда 6 ұпай. Шайбалар көрсеткіші – 5-4. Турнир кестесіндегі орны – 13-ші саты.

Көш басында 11 ұпайы бар Альметьевскінің «Нефтянигі».

21 қыркүйекте красноярлық «Сокол» Қарағандыға келеді.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button