Бас тақырыпЖаңалықтар

Топар станциясы Экологиялық кодекс талаптарын бұзған

«Топар бас энергия тарату станциясы» ЖШС-не жүргізілген тексеру нәтижесі аталған мекемеде бірқатар экологиялық заңнама талаптарының сақталмағанын көрсетті. Нәтижесінде 2,9 млн. теңге айыппұл салынып, бүгінгі күнге толық өтелген.

– Топар станциясында шаруашылықта пайдаланылған сарқынды сулар тазалаудан өткізбейі. Себебі, суды тазалайтын құрылғы жұмыс істемей, ақаулы күйде тұр. Сонымен қатар, күл үйінділеріне де шаруашылық сулары тазалаудан өтпестен төгіледі. Бұл Экологиялық кодекстің 216-бабы, 2-тармағын бұзу болып табылады, – дейді Экология басқармасының басшысы Дархан Иісжанов.

Одан бөлек, визуалды қарап-тексеру барысында ұстахана цехындағы құбырдың биіктігі бекітілген жобаға сәйкес келмейтіні анықталған. Тіпті, өрт қауіпсіздігі үшін қажетті құм да бөшкелерде ашық күйде сақталады. Бұл да жобалық шешімнен ауытқу болып табылатынын айтады басқарма мамандары. Ал, қатты тұрмыстық қалдықтар белгіленбеген жерге сақталған.

Салтанат ІЛИЯШ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button