Поэзия

ТОҒЫМ ХАН МЕН ТОҒЫЗ САРЫ ҰЛ, ОТЫЗ ЖЕТІ СҰЛТАН

Серік

АҚСҰҢҚАРҰЛЫ

(1537 жыл, 27 шілде)

Ай, ақ отауға келін

болып түскенше,

Аузынан еркек сүймеген,

Бетіне жел тимеген,

Аруын айт, үкілі!

Ерлерін айт, елден

ерек бітімі;

Ат үстінде арыған,

Атадан қасиет дарыған,

Жеті атадан жілік

майы үзілмей,

Уызына жарыған,

Қара үзген бір

Қаракөктің тұқымы –

Әз Жәнібектің тұяғы хан Тоғым-ды,

Оның-дағы маңдайы

тасқа соғылды;

«Өзбекті – өз ағам» деп жүрсің ғой,

О да бізге ойран салған

соғынды!

Құрбақа ойнап

құдықта,

Құлағанда құлан кеп,

Қырам деп, билік

құрам деп,

Өз ағасы – өзбек-

сарттан ылаң кеп;

Сол соғыста Тоғыз сары

ұлыменен Тоғым хан,

(Отыз жеті сұлтаны мен қоса өлді!)

… Шаһит кешкен

бұл әулет!

Күллі жесір көзден

жасын бұлаған,

Аза жырын айтар едім,

Жетпейді ғой тіл оған;

«Тігерге тұяқ

қалмады-ау деп –

тұқымнан?!»

Көкке жайып шашын,

зарлап жылаған!

О, сұм заман –

сұр тұман,

Ұлысына қан бүріккен

ұртынан!

Мың құланды ертіп кеткен бір құлан,

Мың қыранмен ұшып кеткен бір қыран;

…. Қу басынан

аспайтұғын

қайыры,

Қу тобырға несін оның

жыр қылам…

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button