Шомылу маусымындағы санитариялық қауіпсіздік шаралары
Санитариялық қызмет шомылу маусымында мамыр-тамыз айлары аралығында 2 санаттағы ашық су айдындарынан және рекреация аймақтарынан санитариялық-химиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, вирусологиялық көрсеткіштерге және тырысқақ вибрионының болуына тұрақты санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізеді.

Облыс әкімінің қаулысына сәйкес облыс бойынша су объектілерінде жаппай демалуға, туризмге арналған орындардың тізбесі бар. Олардың облыс бойынша жаппай демалуға арналған 149-ға жуық белгіленген орны бар. Шомылу және демалыс орындары үшін ресми түрде бекітілген арнайы орнатылған орындарды таңдаңыз.
Себебі, белгіленбеген жерлерде шомылу кезінде жұқпалы және паразиттік ауруларды жұқтыру қаупі жоғары.
Біріншіден, арнайы жабдықталмаған жерлерде, ашық ауада демалуға арналмаған жерлерде шомылуға болмайды, өйткені жаз мезгілінде және тиісінше күн ыстығында шомылу маусымында вирустар мен ішек инфекциялары белсенді болады.
Олар қоршаған ортаға өте төзімді және келесі жолдармен адамға беріледі:
– су арқылы;
– лас қолдар;
– тамақ, көкөністер мен жемістер, ет және т. б.;
– ауа тамшылары арқылы (ауада үлкен концентрация болған жағдайда).
Екіншіден, мұндай жерлерде микробиологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық, вирусологиялық көрсеткіштерге және тырысқақ вибрионының болуына су мен топырақ сапасына зертханалық бақылау жүргізілмейді.
Сонымен қатар, шомылу маусымында қауіпсіздік пен алдын-алу шаралары үшін келесі талаптарды сақтау қажет:
– суда ұзақ уақыт болмау және су қоймасынан суды ішпеу;
– қайнаған суды ішу де вирусты жұқтыру мүмкіндігін азайтады;
– жеке гигиена ережелерін сақтау және қолды уақтылы жуу менингитпен ғана емес, басқа вирустардан өзіңізді қорғауға көмектеседі;
– сондай-ақ, менингит вирусы жуылмаған көкөністер мен жемістерде болуы мүмкін, сондықтан оларды қолданар алдында қайнаған сумен шайған дұрыс.
Юрий ЗАЛЫГИН,
Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері,
Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы



